Көшені жарықтандыру:
2019 жылы люминесцентті шамдар диодты көше шырағдандарға (62 дана) ауыстырылды, жалпы сомасы - 1 302,0 теңге.
Қосымша диодты 30 шырағдан және 18 есепке алу приборы сатып алынды сомасы 1 316,0 мың теңге, оның ішінде, 980,0 мың теңге (ЖӨБ), 336,0 мың теңге – «Победа» ЖШС-нің демеушілік қаржы есебінен төленді. Барлық 18 КТП техникалық жағдай жасалған. Көшені жарықтандыруға нақты тұтынылған электроэнергия көлеміне сәйкес төленеді.
Осы уақытта округте 190 диодты шырағдан бар. 2023 жылы Даңқ Аллеясын абаттандыруға арналған бас жоспарды іске асыру жұмысы жүзеге асырылды. ЖШС-нің демеушілік қаржы есебінен алюминийден жасалған профильді 22 дана шырағдан сатып алынды және орнатылды, сонымен қатар жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңын жарықтандыру жұмысы жүргізілді, 10 дана көше шамдары орнатылды. Ағымдағы жылы ауыл көшелеріне тағы да қосымша 25 дана шырағдан орнату жоспарланды.
Жылытумен жабдықтау:
- пешке от жағылатын тұрғын үй саны– 310 үй,
- орталықтан жылытатын жүйеге қосылған үй саны – 19 («Победа» ЖШС орталық қазандық).
Әлеуметтік объектілер Мәдениет Үйі, Орловка ЖОМ «Победа» ЖШС орталық қазандықтан жылытылады, «Ақбота» шағын орталық жеке электрэнергиясымен жылтылады. Ауылдық дәрігерлік амбулатория бөлімі қатты отынмен жағылатын жеке қазандықтан жылытылады.
Сумен жабдықтау:
2019 жылы округте «Орловка ауылында суқұбыры құрылысы» екіжылдық жоба іске асырылды. 16,8 км су құбыры өткізілді, 225 құдық орнатылды. Округте 329 үй бар, оның ішінде 298 үй бүгінгі күні оталық су құбырын пайдаланады, яғни 96% құрайды.
Жол:
Орловка ауылдық округінің кент ішіндегі жолдардың арақашықтығы – 10 км, оның ішінде қатты жабынды төселген жол – 8 км, топырақты жол – 2 км.
2020 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша Орловка ауылында арақашықтығы 3,8 км кент ішіндегі жолға орташа жөндеу жүргізілді, сонымен қатар Даңқ Аллеясына жақын аумақта ауданы 2857 шаршы метр жол жөнделді. Жұмысты орындаушы - «Дорстрой» ЖШС.
48 дана жол белгілері орнатылды және жол бетіне белгі жасалды. Республикалық және облыстық бюджеттен 90 229,0 мың теңге бөлінді және игерілді.
2022 жылы «Победа»ЖШС демеушілік қаржы есебінен Западная көшесінің шет жағында арақашықтығы 500 м жол жөнделді.
2024 жылға аудан бюджетінен Орловка ауылында кент ішіндегі жолды жөндеуге 80533,0 мың теңге трансферт бөлінді.
Кент ішінде жалпы ауданы 3,143 км, оның ішінде: Победа көшесі 1,021 км., Восточная 0,775км., Западная 0,586км., Западная көшесінен Сүт тауарлы фермасына дейін 0,761км жолды жөндеу қажет.
Ашық конкурс әдісімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша, осы аталған жөндеу жұмысын Павлодар қаласындағы «ИНЭК Қазақстан» ЖШС 2024 жылғы шілде-тамыз айларында орындайтын болады.