«Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

        

«Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

 

  1. Нормативтік-құқықтық база

         Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу бвсқармасы (бұдан әрі-Басқарма) өз қызметінде келесі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады:

    - Қазақстан Республикасы Конституциясы;

- ҚР Еңбек кодексі;

- ҚР Бюджеттік кодексі;

    - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

- ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы;

- ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;

- ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;

- ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

- ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы;

- ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

     - ҚР Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары тауарлар мен жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы» бұйрығы;

     - ҚР Қаржы министрінің «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің бұйрығы.

     - ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы»  қаулысы.

 

  1. СЖТІТ өткізу туралы бұйрық, жауаптылар

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-"СЖТІТ) жүргізу үшін басқарма басшысының м.а. А.С. Ибраимовамен 2023 жылғы «24» сәуірдегі № 941/1 бұйрығын шығарылды.

         СЖТІТ өткізуге жауаптылар анықталды:

        Жұмыс тобының басшысы

Ж.М.Текежанова      -  Тауарларды  мемлекеттік  сатып  алу  және   мониторинг бөлімінің бас маманы

       Жұмыс тобының мүшелері

Д.Т. Жакупова         -  Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

Г.К. Сакенова         -  Тауарларды мемлекеттік   сатып алу және   мониторинг бөлімінің басшысы

Г.К. Жунусова- Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік  сатып  алу  бөлімінің бас маманы

 

  1. Есепті кезең

      Алдыңғы СЖТІТ 2022 жылдың мамырында өтті.

      Ағымдағы СЖТІТ 2022 жылғы мамыр-2023 жылғы мамыр кезеңінде өткізіледі.

 

СЖТІТ өткізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:

          1: Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

          Талдау кезіңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы топпен келесі анықталды:

Осыған байланысты, іс жүзінде ашық конкурс тәсілімен өткізілетін жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуда жеңімпаздарды айқындау сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін қамтиды

  1. Компьютерлік техниканың істен шығуына байланысты екі компьютерді сатып алуға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізілді. Сатып алу 2022 жылғы 1 желтоқсанда, 2022 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындылар хаттамасы жарияланды. Шартқа 2022 жылғы 14 желтоқсанда қол қойылды, тауарды жеткізу мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастап 29 желтоқсанға дейін күнтізбелік 15 күн. Шарттың қолданылу мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсан.

Алайда, өнім беруші тауарды жеткізуге арналған шартқа қол қойып, шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшеріндегі шарттың орындалуын қамтамасыз ететін сомасын енгізбеді.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434 V ҚРЗ (бұдан әрі-Заң) 44- бабы, 1-тармағының кұшіне орай,  егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

Заңның 12-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі (бұдан әрі-ЖҚТ): 1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің; 2) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің; 3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Заңның 12-бабы 5-тармағының екінші абзацына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы уәкілетті органның шешімі негізінде қалыптастырылады.

Қаралып отырған жағдайда жауапкер Заңның 43-бабы 9-тармағының және шарттың 3.1-тармағының 2) тармақшасын бұза отырып, сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде шартты қамтамасыз етуді енгізбеді.

Тиісінше, мұндай өнім беруші Заңның 44-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылады.

Көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ЖҚТ-не енгізуге уәкілетті органға өтінім жолдады.

Алайда өтінім қабылданбады. Уәкілетті органның өтінімді қабылдамау себебі: шарттың 31.12.2022 жылға дейінгі қолданысы.

Осылайша, шарттың қолданылу мерзімі әлеуетті өнім берушінің ЖҚТ-не қосылуын болдырмауға мүмкіндік берді.

Бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық көріністерінің қаупі бар деп есептейміз.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың анық және нақты ұстанымы әзірленбегенін, сондай-ақ заңнамада "олқылық" бар екенін ескере отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушіні ЖҚТ-не қосу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.

Осылайша, субъективті көзқарас пен адами фактордың пайда болу қаупі бар, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

Ұсынымдар:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасына анық норма енгізу жолымен жоғарыда көрсетілген  мәселеге қатысты біріңғай талаптарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу.

Мерзімі: 2023 жылғы 1 тамызға дейін.

 

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) 58-тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды (бар объектілерді ағымдағы немесе орташа жөндеу, реставрациялау, қолданыстағы объектілерді реэкспозициялау, абаттандыру, жайластыру) мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (лицензиямен) материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайды.

Бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаттың (лицензияның) түрлері мен кіші түрлері өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасына ұқсас (сол сияқты) болады.

 Егер мемлекеттік сатып алу нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар (бар объектілерді ағымдағы немесе орташа жөндеумен, реставрациялау, қолданыстағы объектілерді реэкспозициялау, абаттандырумен, жайластырумен байланысты емес жұмыстар) болып табылған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайды.

Осы Қағидаларда конкурстық құжаттамаға 10-қосымшада ескертпеде құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және құрылыспен байланысты емес жұмыстарды (бар объектілерді ағымдағы немесе орташа жөндеу, абаттандыру немесе құрылыспен байланысты емес өзге де жұмыс түрлері) мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарын иеленуін растайтын құжат Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) болып табылады.

      Осыған байланысты, осы Қосымшаның 4 және 5-тармақтарының талаптары мұндай әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды деп көрсетіледі.

         Яғни, 10-Қосымшаның ескертпесінде Қағидалардың 58-тармағына ұқсас жұмыс түрлері жазылмаған, ал «құрылысқа байланысты емес жұмыстардың өзге де түрлері» термині қолданылған, құрылысқа қатысы жоқ жұмыстардың барлық түрлеріне әлеуетті өнім берушілер материалдық-Еңбек ресурстарын растамау мақсатында өз лицензияларын қоса береді. Сәйкессіздіктердің бұл фактісі конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссияның рұқсат құжаттарын заңсыз қолдануына әкелуі мүмкін.

Ұқсас (сәйкес) мемлекеттік сатып алу бойынша рұқсат құжаты нақты қолданылатын құрылысқа байланысты емес жұмыс түрлерін регламенттейтін заңнаманың императивті нормасы жоқ екенін және мемлекеттік органдардың нақты және нақты ұстанымы әзірленбегенін ескере отырып, бұл жағдай сыбайлас жемқорлық көріністерінің қаупін қамтиды.

Осылайша, субъективті көзқарас пен адами фактордың пайда болу қаупі бар, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

Ұсынымдар:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына түзетулер енгізу боынша ұсыныс жасау.

Мерзімі: 2023 жылғы 1 тамызға дейін.

 

          III.  Заңның 21-бабы 3 – тармағы 2-тармақшасына сәйкес Конкурстық құжаттамада осы Заңда көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін, оның ішінде мыналарға:

      1) әлеуетті өнім берушілерге кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге;

      2) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:

      негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

      тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;

      тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттік сатып алу талаптарын белгілеуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігін әзірлеу кезінде,сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамаларды көрсету тәуекелдері бар. Бұл факт белгілі бір сыбайлас жемқорлық қаупін тудырады.

Ұсынымдар:

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне  тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша белгілі бір түрлер жөнінде үлгілік техникалық сипаттама  әзірлеу және бекіту бөлігінде  мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасау.

          Мерзімі: 2023 жылғы 1 тамызға дейін.

 

          2: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Есепті кезеңде басқарманың негізгі қызметі бойынша 1471 бұйрық қаралды. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

           3: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау

 

           Басқарманың штат саны 2023 жылы 12 бірлікті құрайды.

           2023 жылғы мамырдағы жағдай бойынша штат саны-12 адам, нақты саны – 11 бірлік, бос жұмыс орындары – мемлекеттік қызметтерді сатып алу бөлімінің бас маманының 1 бірлігі.

           Басқарма құрылымы бойынша 3 бөлім: жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімі - 3 бірлік, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімі-4 бірлік, тауарларды мемлекеттік сатып алу және мониторинг бөлімі-3 бірлік.

           2021 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдау/ жұмыстан шығару, тәртіптік жаза қолдану және алып тастау және т.б. барлық конкурстық рәсімдерді облыс әкімі аппараты жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

 

 

           4: Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

            Басқарманың жұмыс тобы мүдделер қақтығысының, басқарма басшысымен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігінің, кадрлардың ауысу себептерінің, қызметкерлердің жұмыстан босатылуының, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен жұмысының, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың болуына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. 

           Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

 

           5: Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

           Ережеге сәйкес Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

 

         6: Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

         Ережеге сәйкес Басқарма рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты қызметтерді көрсетпейді.

 

         7: Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

         Мемлекеттік органның қызметін регламенттейтін Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына бақылау және қадағалау функциялары берілмеген.

 

         8: Бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқармаға бюджет қаражаты 001- «Мемлекеттік сатып алу саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша бөлінеді.

Талдау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

        

               

         9:  Жеке және заңды тұлғалармен Шарт жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

         2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде Басқармада барлығы 27 шарт жасалды. Талдау бойынша бұзушылықтарды анықталған жоқ.

 

          10: Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

         Ережеге сәйкес ақпараттық жүйелерді әзірлеу басқарма функциясына кірмейді. 2023 жылы 18 қаңтарда «Persona IT» ЖШС-мен «Сатып алу мониторингі жүйесі және бюджеттік бағдарламалардың орындалуы» бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізу қызметтеріне шарт жасалды.

         Талдау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

         11: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

          Басқарма өз құзыреті шегінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бөлігінде келесіні жүзеге асырады:

- мемлекеттік кадр саясатын іске асыру;

- басқарма қызметінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;

- орындаушылық және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру;

- мемлекеттік тілді Басқарманың іс қағаздарын жүргізуге енгізу жолымен дамыту;

- басқарманың құжат айналымын ұйымдастыру;

- ақпараттық ресурстарды басқару жүйесін қамтамасыз ету.

          Басқармада жақын туыстарының тікелей бағыныста бірлескен қызметке жол бермеу бойынша қатаң бақылау жүзеге асырылады.

          Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар өздерінің мәртебесін және оған негізделген беделін жеке қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында шектеулерді өзіне қабылдайды.

          Ағымдағы кезеңде БАҚ-та Басқарма қызметкерлеріне теріс сипаттағы жарияланымдар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы көріністер жоқ.

          Басқарманың ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша халыққа жедел ден қою және кері байланыс жасау мақсатында https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-satyp-alu?lang=ru интерактивті режимде жұмыс істейтін «Онлайн-қабылдау бөлмесі» орналастырылған.

         Басқарманың сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы ақпаратты орналастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған мамандандырылған бөлімді жүргізу қамтамасыз етіледі.

         Ресми сайтта және Басқарма фойесінде сенім телефоны көрсетілген.

         Сондай-ақ анықтамалар үшін байланыс нөмірін көрсете отырып, Павлодар облысының Әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат орналастырылды.

         Талданып отырған кезеңде 2023 жылдың сәуір айында әдеп нормаларын сақтау бойынша бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен әдеп жөніндегі уәкілдер семинар өткізді.

        Семинар барысында күнделікті қызметте моральдық-этикалық нормаларды сақтау мәселелері қаралды, заңнаманы бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсініктемелер берілді.

        Мемлекеттік қызметшілердің декларацияны және кірістер мен мүлікті уақтылы беруін бақылау жүзеге асырылады.

 

         12: Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау мақсатында Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты ішкі құжаттарға талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу бойынша материалдар қаралды.

        Талданып отырған кезеңде Басқармамен 27 сатып алу жүзеге асырылды, оның ішінде:

- Ашық конкурстың  тәсілімен-2;

- Алдын ала біліктілік іріктеумен  конкурс-2;

- Негіздемелік келісім арқылы-2

- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен - 5;

- Электрондық дүкен арқылы-10;

- Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден-1;

- Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден - 5.

      Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Камералдық бақылау тарапынан жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша ескертулер жоқ.

 

Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі айқындалсын

Талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тікелей байланысты лауазымдар, яғни тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар жатады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізуге жауапты

Тауарларды мемлекеттік сатып алу

 және мониторинг

 бөлімінің бас маманы                                     ____________ Ж.М. Текежанова

 

Жұмыс тобының мүшелері

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу          ___________   Д.Т. Жакупова

бөлімінің басшысы

 

Тауарларды мемлекеттік сатып алу

 және мониторинг

 бөлімінің басшысы                                        __________   Г.К. Сакенова

 

 

 

Көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу бөлімінің                  ___________  Г.К. Жунусова

бас маманы

 

 

Ішкі талдау нәтижелерімен таныстым:

«Павлодар облысының мемлекеттік сатып       

алу басқармасы» ММ басшысының м.а. __________ А.С. Ибраимова

«Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
11 июля 2023