Павлодар облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының Ережесі

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2019 жылғы «___» ___________

№ _______ қаулысымен

бекітілді

 

 

«Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу және мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй.
  10. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
  11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілдегі – государственное учреждение «Управление государственных закупок Павлодарской области».

  1. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  2. Осы ереже«Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) миссиясы: мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар жүргізетін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу және мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу.
  2. Міндеттері:
    • мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, сондай-ақ тапсырыс берушінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
    • конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу;
    • мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
  3. Функциялары:
    • мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, сондай-ақ тапсырыс берушінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді;
    • мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
    • тапсырыс беруші берген тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
    • мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастырады;
    • конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
    • тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырмаларды қарастырады;
    • тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігінің жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) алған мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулер жібереді;
    • қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
    • заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептейді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;
    • конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
    • бірінші кезеңде техникалық ұсыныстар берген әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
    • заңнамада көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді;
    • конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
    • заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
    • қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
    • іс жүргізуді ұйымдастырады, кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркейді, азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етеді;
    • өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  4. Құқықтары мен міндеттері:
    • Павлодар облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізеді;
    • өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
    • Павлодар облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері, жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы, тартылған сарапшылар немесе сараптама комиссиясы туралы ақпарат, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де қосымша ақпаратты сұратады;
    • жоспарларды, есептілікті, шарттарды, төлемдер туралы мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерден мемлекеттік сатып алу жөніндегі өзге де ақпаратты сұратады;
    • мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады.
    • жұмысты ұйымдастыру мақсатында өз құзыреті шегінде бұйрықтар әзірлейді және қабылдайды;
    • сот және мемлекеттік органдарда басқарманың мүддесін білдіреді;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:
    • Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
    • заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
    • заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
    • өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
    • басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
    • қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда басқарма атынан мүддесін білдіреді;
    • өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
    • заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  4. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
19 мая 2020