Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы ұжымының тексеру комиссияларының құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиналысы өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Е.Н. Әйткенов, тексеру комиссиясының ардагерлері

Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы ұжымының тексеру комиссияларының құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиналысы өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Е.Н. Әйткенов, тексеру комиссиясының ардагерлері және еңбек ұжымы қатысты.

Тексеру комиссиясы төрағасының м.а. Мәулен Адырбайұлы Үйсінбаев салтанатты сөз сөйлеп, тексеру комиссиясының соңғы 10 жылдағы маңызды жетістіктері туралы айта отырып, барлық қызметкерлерге жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.

Тексеру комиссияларының құрылғанына 10 жыл толуына орай бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, облыстық мәслихаттың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды. Тексеру комиссиясының ардагерлері де басшылық атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан басқа, бұл күні «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің Салтанатты ант қабылданды. Антты құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы Баянсұлу Мейрамбекқызы сынақ мерзімінен сәтті өткеннен кейін қабылдады. Барлық жауапкершілікті түсіне отыра, Баянсұлу Мейрамбекқызы еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға ант берді. Тексеру комиссиясының мүшелері мен қонақтар жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшіні құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Дата публикации
15 сентября 2021
Дата обновления
29 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
01 августа 2022
Семинар в районе Теренколь
Ақпарат
15 сентября 2021
Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы ұжымының тексеру комиссияларының құрылғанына 10 жыл толуына арналған салтанатты жиналысы өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Е.Н. Әйткенов, тексеру комиссиясының ардагерлері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы