Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығында мерейтойлық даталар мен тәуелсіз сыртқы мемлекеттік аудит органдары атап өтіледі, олардың негізгі міндеті халықтың өмір сүру жағдайлары сапасының серпінді өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстарды тиімді және заңды басқаруды талдау, бағалау және тексеру болып табылады.
Мәселен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне - 25 жыл, өңірлердің тексеру комиссияларына - 10 жыл.
2015 жылғы қарашада «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңының қабылдануымен сыртқы мемлекеттік аудит органдарының жұмысындағы тәсіл өзгерді. Заң нормаларының практикасында қалай іске асырылатыны туралы өткен 5 жылдық кезеңдегі жұмыс нәтижелері айтады. Осылайша, Тексеру комиссиясымен анықталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің аудитін қамту көлеміне қарағанда қаржылық бұзушылықтардың үлесі 2015 жылы 49%-дан 2020 жылы 16,4%-ға дейін қысқарды.
Анықталған бұзушылықтар үлесін төмендету Тексеру комиссияларының жұмысындағы жаңа тәсілдердің арқасында мүмкін болды. Егер бұрын біржақты көзқарас бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайларын және постфактумның қаржылық бұзушылықтарын анықтауға ғана алып келсе, онда мемлекеттік аудит бұзушылықтарға ықпал ететін себептерді анықтай және талдай отырып, осы себептерді жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлей отырып, алдын алу сипатына бағытталған.
Мәселен, тек 2019-2020 жылдары Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторларымен бес мемлекеттік бағдарламаның («Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Ауыл-Ел Бесігі» жобасының, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының, ҚР АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының) іске асырылу тиімділігіне бағалау жүргізілді. Оларды жүзеге асырудың алғашқы жылдарына баға берілді. Аудит қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жолданды. Мысалы, біздің ұсыныстарымыз бойынша, бағдарламаға қатысушы қоныстандыру өңірінен шыққан жағдайда көшуге берілетін субсидияларды өтеу мерзімі бөлігінде «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіре отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларындағы қайшылықтар жойылды.
Мемлекеттік аудит азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыруға мүмкіндік беретіндігінің тағы бір мысалы.
- 2017-2020 жылдардағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау кезінде Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсатына «Нормативтік ластаушы заттардың көлемі: атмосфералық ауаға шығарындылар» нысаналы индикаторының сәйкес келмейтінін бірнеше рет атап өткенбіз.
Индикатор шығарындыларды 0,568 млн. тоннадан 0,971 млн. тоннаға дейін немесе 2015 жылға қарағанда 1,7 есе ұлғайтумен жоспарланған. Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, шығарындылар көлемінің ұлғаюы халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Оған өңірдің онкологиялық аурулар бойынша көшбасшылар үштігіне кіруі дәлел бола алады.
- Облыстың 2021-2025 жылдарға арналған АДБ-да біздің ұсынымдарымызды орындау үшін, ластауыш заттар шығарындыларының көлемін жыл сайын азайту көзделген, бұл өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2024 жылға дейін өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда ірі кәсіпорындардағы сүзгілерді ауыстыру, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу, барлық қоқыс тастайтын жерлерді талап етілетін нормаларға келтіру, ауаның тұрақты мониторингі және басқалары көзделген.
Бұл облыс аудандарындағы аудиторлық іс-шаралар нәтижелерінің мысалы. 2017-2019 жылдары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін 104 жергілікті өзін-өзі басқару органдары (ауылдар, кенттер, ауылдық округтер) бюджеттерінің кірісіне сомасы 260,6 млн. теңгеге салықтар қайтарылды.
Сондай-ақ, тексеру комиссиясымен жүргізілген аудиттен кейін көзді ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) қызметі 2018 жылдан бастап облыс тұрғындары үшін тегін болған кезде тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесі тұрғындардың үлкен қоғамдық наразылығын және мақұлдауын тудырды. Осыған дейін көз УДЗ-ны алуға өтініш білдірген 13 170 азаматтың бірде-бірі өз құқығын жүзеге асыра алмады.
Кез-келген ұйым жұмысының сәттілігін, әрине, оның кадрлары анықтайды. Облыстың тексеру комиссиясының құрылымы қаржы және бақылау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен құрылды. Оның қалыптасуы мен дамуына мемлекеттік және қаржы-бақылау қызметінің ардагерлері Р.М. Гафуров, А.Н. Гуськов, С.М. Әкімбеков, М.Р. Закарьянов, К.С. Оспанова елеулі үлес қосты, олардың барлығы өздерінің жинақталған тәжірибесін бере отырып, аудиторлардың жас буынының тәлімгерлері болды. Мекемеде негізі қаланғаннан бастап М.А. Үйсінбаев, Б.Қ. Исаева, Н.А. Түйебаев, Ж.М. Жүсіпова, Д.У. Нұрпейісов жұмыс істейді. Бұл ретте, облыс бойынша Тексеру комиссиясының кадрлық құрамының кейбір ерекшеліктері бар. Бірқатар қызметкерлердің мемлекеттік қаржылық бақылау саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар: Б.С. Демеуов, М.А. Үйсінбаев, Р.У. Оралов, Ж.М. Жүсіпова. Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлердің саны бойынша құрамы 70%-ға әйелдер болып табылатын санаулы облыстардың бірі.
Біз бәріміз тәртіпті жақсы көреміз. Бұл бізге бүгінгі қауіпсіздік сезімін және ертеңгі күннің болжамдылығын береді. Аудиторларға тиімділік аудитінің қаншалықты маңызды екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, қарапайым адам бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің артуы азаматтардың өмір сүру сапасының өсуіне әкелетінін түсінуі керек.
Бүгінде біздің алдымызда бір міндет тұр және оны Мемлекет басшысымен - бұл мемлекет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды және өмір сүру сапасын жақсартуды айқындалған.