«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға бөлінген бюджет қаражатының жоспарланылу және пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2024 жылғы 04 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға бөлінген бюджет қаражатының жоспарланылу және пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш. Тастембеков сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 30 367 758,7 мың теңгеге қаражат көлемімен 9 объект қамтылды, соның ішінде 1 үстеме тексеру.

Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 6 622 696,0 мың теңге, соның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар – 311 321,7 мың теңге;

2) тиімсіз жоспарлау – 3 320 351,1 мың теңге;

3) тиімсіз пайдалану – 2 996 023,2 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардан қалпына келтіруге жататыны – 193 857,4 мың теңге, өтелуге жататыны – 117 464,4 мың теңге.

Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер 83 бірлік анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалары жіберілді.

Дата публикации
19 декабря 2024