2024 жылғы 14 тамызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауыл тұрғындарына және инвестициялық жобаларға кредит беруге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектісі басшысының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі А.К. Мұратова сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 1 объект қамтылды – «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 1 067 753,0 мың теңге, соның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 12 616,1 мың теңге (өтелуге жататыны – 12143,913 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 472,2 мың теңге).
Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы 10 бірлік бұзушылық анықталды.
Жүйелі кемшілік – 2.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектісіне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқама жіберілді.