2024 жылғы 23 мамырда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш. Тастембеков сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 2 объект қамтылды, соның ішінде 1 үстеме тексеру.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 943 461,0 мың теңге, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 535 404,3 мың теңге;
2) бюджет шығыны – 408 056,7 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардан 535 404,3 мың теңге бюджетке түсуге жатады.
Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы бұзушылық 2 бірлік және бір жүйелі кемшілік анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.