Павлодар қаласының шоғырландырылған қаржылық есептілікке жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2024 жылғы 20 мамырда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар қаласының шоғырландырылған қаржылық есептілікке жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар қаласы мәслихаты хатшысының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі А.К. Мұратова сөз сөйледі.

Павлодар қаласының шоғырландырылған қаржылық есептілігі                             21 мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептерінен тұрады.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Павлодар қаласының шоғырландырылған балансының валютасы 150 216 611,3 мың теңгені құрайды. Қаржылық есептілік үшін маңыздылық деңгейі жалпы баланс валютасының 5% айқындалған және 7 510 830,6 мың теңгені, кірістер мен шығыстардың 2%-ын және 5 142 695,0 мың теңгені құрайды және тиісінше 4 318 254,6 мың теңгені құрайды.

2023 жылы Павлодар қаласының ШҚЕ аудитінің нәтижелері бойынша белгіленген бұрмаланулардың жиынтық көлемі анықталған бұрмалануларды экстраполяциялауды 79 543 537,9 мың теңгені ескере отырып, экстраполяцияға дейін сомасы 43 357 853,5 мың теңге құрады.

Анықталған бұрмалануларды экстраполяциялауды 72032707,3 мың теңгені ескере отырып, Бухгалтерлік баланс (ҚЕ-1) «Активтер» бабы бойынша бұрмаланулардың маңыздылық шегінен асып кетуі (маңыздылық шегі – 7 510 830,6 мың теңге).

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануының жалпы сомасы 43 357 853,5 мың теңгені құрады, бұл шоғырландырылған баланс валютасының 28,8%-ын құрайды. Қаржылық бұзушылықтар – 29 297 234,0 мың теңге, қаржылық есептіліктің бұрмалануы - 12 740 543,6 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануы – 1 320 075,9 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 21 бірлік.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
04 июня 2024