2024 жылғы 18 наурызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Ертіс ауданының 2023 жылғы жергілікті бюджетті жоспарлау, атқару және мемлекет активтерін пайдалану мәселесі бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Ертіс ауданы әкімінің және Ертіс аудандық мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.
Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.
Сараптамалық-талдау іс-шарасымен 2 объект қамтылды.
Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері бойынша мыналар анықталды:
1) мал басы санының төмендеуі (ІҚМ – 6,7%-ға, жылқылар – 39,3%-ға, қойлар мен ешкілер – 9,2%-ға, шошқалар - 72,5%-ға, құстар - 19,9%-ға).
2) бюджеттің өз кіріс бөлігін тиімсіз жоспарлау (2023 жыл ішінде аудан бюджетінің өз кіріс бөлігі 2 рет нақтыланды, оның ішінде 1 рет ұлғайту жағына және 1 рет азайту жағына, нәтижесінде 14 419,0 мың теңгеге азайды).
3) ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жалға беруден төленетін төлемақының берешегінің өсуі, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары талаптарының сақталуын бақылаудың болмауы.
Жоспарлы көрсеткіштерді орындамаған тұрғын үйді жалға алудан төленетін төлемнің орындалуы туралы есеп бойынша 197,0 мың теңгені (жоспар – 8 196,0 мың теңге, факт – 7 999,0 мың теңге) құрады, бұл ретте 2023 жылғы талдау қорытындысы бойынша іс жүзінде берешек 47 тұрғын үй жалдаушы бойынша 1 913,6 мың теңгені құрады, ал 2023 жылдың басындағы берешек 568,7 мың теңгені құрады.
Жоғарыда баяндалғаннан 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда берешектің 2,4 есе өсу үрдісі байқалады.
«Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ тұрғын үй жалдау шарттарының талаптары бойынша көзделген жұмыстар жүргізілмейді:
- төлемді кешіктірген әрбір күн үшін төлем сомасының 0,1% мөлшерінде өсімпұл есептелмейді және төлеуге ұсынылмайды;
- барлық сот шығындарын өтей отырып, сотқа жүгіну арқылы төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.
Анықтама ретінде: ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушылар мыналар болып табылады: 28 тұрғын үй жалдаушы-қоныс аударушылар, 95 - әлеуметтік осал санатқа жатады (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер, мүгедектер), 88 – тұрғын үйге мұқтаж бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
4) коммуналдық меншікті тиімсіз пайдалану (аудан әкімдігінің ШЖҚ-дағы «Ертіс-ауызсу» МКК шотындағы ақша қаражатының қалдығы – 2 412,9 мың теңге).
5) бюджетті жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның №195 Қағидалардың талаптарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасаған және ұсынған бюджеттік бағдарламалар мәніне бақылаудың болмауы (бюджеттік бағдарламалар ескертусіз келісіледі, бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікке қол жеткізу және ұсыну қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 235-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген);
6) 005 «Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, аппарат мекемесінің қызметкері болып табылмайтын қызметкерге бөлінген іссапар шығыстары.
7) бюджеттің өз кіріс бөлігін асыра орындау есебінен және бұрын берілген бюджеттік кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу есебінен ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге уақтылы бағытталмаған 31 254,8 мың теңге сомасында қалдықтар сомасының болуы.
8) ай сайынғы сапасыз бөлу және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекіту салдарынан кредиторлық берешектің болуы (2023 жыл – 4 153,3 мың теңге, 2022 жылмен салыстырғанда берешек сомасы 304,2 мың теңгеге ұлғайды).
9) бюджет қаражатын әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған қайтару жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау. Қарыз алушылардың қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындауы туралы ұсынылған есептерге сәйкес қарыз алушылардың негізгі борыш бойынша берешегі 2023 жылғы 01 қаңтарға – 1 580,3 мың теңгені, 2024 жылғы 01 қаңтарға - 2 625,0 мың теңгені құрады (берешектің 1 044,7 мың теңгеге немесе 2022 жылмен салыстырғанда 66,1%-ға өсуі байқалады).
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен сараптамалық қорытынды бекітілді, аудан әкіміне және аудит объектілеріне сараптамалық қорытындыда көрсетілген мерзімде міндетті түрде орындалуға жататын сараптамалық-талдау іс-шарасының ұсынымдары көрсетілген сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері жіберілді.