2024 жылғы 05 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында салықтық әкімшілендіруге, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш. Тастембеков сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 10 объект қамтылды, соның ішінде 1-еуі үстеме тексерумен қамтылды.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 154 376,7 мың теңге, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 146 268,3 мың теңге;
2) бюджет шығыны - 8 108,4 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардан бюджетке 140 099,0 мың теңге түсуге жатады.
Сонымен қатар, 21 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.