2024 ЖЫЛҒЫ 05 АҚПАНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2024 жылғы 05 ақпанда мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, Павлодар облыстық мәслихаты депутатының қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- салықтық әкімшілендіруге, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2024 жылғы 02 ақпан сағ. 10.00-ге дейін) хабарласуға болады.

 

Дата публикации
02 февраля 2024