2024 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің жоспарлау және пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, Павлодар облысы мәслихаты депутатының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшысының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі А.К. Мұратова сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 13 237 472,15 мың теңге қаражатының жалпы көлемімен аудиттің 9 негізгі объектісі және 3 үстеме тексеру (Екібастұз және Ақсу қалаларының, Май ауданының білім беру бөлімдері) қамтылды, соның ішінде активтер – 3 298 943,4 мың теңге, бюджет қаражаты – 9 938 528,7 мың теңге.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 10 913 396,2 мың теңге немесе қамтудың сомасынан 82,3%, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 49 166,4 мың теңге;
2) бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар – 2143,4 мың теңге;
3) бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы – 7 126 764,9 мың теңге;
4) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 3 730 964,9 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан қалпына келтіруге/өтеуге жататыны 51300,8 мың теңге (соның ішінде қалпына келтіруге жататыны - 47 807,4 мың теңге, өтеуге жататыны – 3502,4 мың теңге).
Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы 64 бірлік бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Аудит барысында 2748,1 мың теңге өтелді, 13 000,3 мың теңге қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.