2023 жылғы 25 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Аққулы ауданының шоғырландырылған қаржылық есептілікке жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, Аққулы ауданы әкімі орынбасарының, сондай-ақ «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы орынбасарының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж.С. Демеуов сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 1 негізгі объект, 2 объект – үстеме тексерумен қамтылды.
Қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы – 2 191 537,8 мың теңге, бұл шоғырландырылған баланс валютасының 31,6%-ын құрайды, оның ішінде рәсімдік болып табылатыны – 282 909,4 мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізудің бұзылуы – 4 974 796,4 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар - 4 бірлік.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.