Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2023 жылғы 13 қарашада Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, Павлодар облысы мәслихаты депутатының, сондай-ақ «АМАNAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 7 объект қамтылды, оның 6-уы үстеме тексерумен қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 11 871 367,4 мың теңгені құрады.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 21 960,1 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтіруге) жататыны:

бюджетке өтелуге жататыны – 17 939,1 мың теңге;

қалпына келтіруге жататыны – 4 021,0 мың теңге.

  1. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 5 025 618,0 мың теңге.
  2. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 247 190,2 мың теңге.

Саны 19 бірлік рәсіпдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

1) бюджет заңнамасының бұзылуы – 3 бірлік;

2) мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманың бұзылуы – 6 бірлік;

3) өзге де салалық заңнаманың бұзылуы – 10 бірлік.

Аудит барысында және кейінгі шаралармен мемлекеттік аудит объектілерімен бюджет кірісіне 110,9 мың теңге өтелді.

Өтелуге жататын соманың қалдығы – 17 939,1 мың теңге, қалпына келтіруге жататын – 4 021,0 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
24 ноября 2023