Май ауданының бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерін жоспарланылуы мен пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2023 жылғы 21 шілдеде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Май ауданының бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерін жоспарланылуы мен пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Май ауданы мәслихаты хатшысының, Май ауданының әкімі орынбасарының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 10 объект қамтылды, оның 2-еуі үстеме тексерумен қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 8 786 675,0 мың теңгені құрады.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 872 224,1 мың теңге, соның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 866 882,9 мың теңге және бюджетке түскен кезде - 5 341,2 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтіруге) жататыны:

бюджетке өтеуге - 53 922,9 мың теңге;

қалпына келтіруге – 818 301,2 мың теңге.

  1. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 1 686 571,2 мың теңге.
  2. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 140 490,6 мың теңге.

Саны 158 бірлік көлемінд рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

1) бюджет заңнамасының бұзылуы - 19 бірлік;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы - 38 бірлік;

3) құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнаманың бұзылуы - 2 бірлік;

4) мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың бұзылуы - 16 бірлік;

5) өзге салалық заңнаманың бұзылуы - 83 бірлік.

Аудит барысында және кейінгі шаралармен мемлекеттік аудит объектілерімен өтелгені – 2403,2 мың теңге, қалпына келтірілгені - 818 301,2 мың теңге.

Өтелуге жататын соманың қалдығы - 51 519,7 мың теңге, қалпына келтіруге жататын соманың қалдығы - жоқ.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
28 июля 2023