Облыс колледждерінде мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігіне және оқытудың баға белгілеміне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2023 жылғы 19 мамырда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында облыс колледждерінде мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігіне және оқытудың баға белгілеміне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев сөз сөйледі.

Аудиторлық іс-шарамен 7027477,7 мың теңге қаражат көлемімен 7 объект қамтылды, соның ішінде бюджет қаражаты/активтер – 7027477,7 мың теңге.

Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 1106106,2 мың теңге немесе қамту сомасынан 15,7%, соның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар – 65295,9 мың теңге;

2) бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы – 166 697,5 мың теңге;

3) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 874 112,8 мың теңге;

Қаржылық бұзушылықтардан қалпына келтіруге/өтелуге 65295,9 мың теңге жатады (соның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша 27181,2 мың теңге, өтеу бойынша 38114,6 мың теңге).

Бұдан басқа, 98 бірлік бұзушылықтар мен рәсімдік сипаттағы кемшіліктер анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
06 июня 2023