Қарттар мен мүгедектерге жекелеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2023 жылғы 19 сәуірде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қарттар мен мүгедектерге жекелеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Шейхислам сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 4 объект қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 7 390 916,6 мың теңгені құрады.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы – 19 242,2 мың теңге:

1) бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы - 3 070,9 мың теңге;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы - 16 086,6 мың теңге;

3) бюджетке түскен кезде - 84,7 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтіруге) жатады:

бюджетке өтеуге жататыны - 3155,6 мың теңге;

қалпына келтіруге жататыны – 16 086,6 мың теңге.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 597,9 мың теңгеге бюджеттің тікелей (жанама) шығындары анықталды.

  1. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 133 966,0 мың теңге.
  2. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 9 334,9 мың теңге.

Саны 35 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында және одан кейінгі шаралармен мемлекеттік аудит объектілерімен өтелді - 885,6 мың теңге, қалпына келтірілді – 16 074,5 мың теңге.

Өтеуге арналған соманың қалдығы – 2270,0 мың теңге, қалпына келтіруге – 12,1 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
10 мая 2023