2023 жылғы 20 сәуірде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 9 599 726,0 мың теңгеге қаражат көлемімен 6 объект қамтылды, соның ішінде 1-еуі үстеме тексерумен қамтылды, соның ішінде бюджет қаражаты – 3 953 112,0 мың теңге, активтер – 5 646 614,0 мың теңге.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы - 1 006 111,6 мың теңге немесе қамту сомасынан 10,5 %, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар - 11 562,1 мың теңге;
2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 26 288,3 мың теңге;
3) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы - 184 163,0 мың теңге;
4) ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы – 784 098,0 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың 11 562,1 мың теңгесі қалпына келтірілуге/өтелуге жатады (соның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша 6 694,9 мың теңге, өтелуге жататыны 4 867,2 мың теңге).
Бұдан басқа, 40 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер және саны 1 бірлік кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.