2023 ЖЫЛҒЫ 20 СӘУІРДЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2023 жылғы 20 сәуірде мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, Павлодар облысының мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру  объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2023 жылғы 19 сәуір сағ. 10.00-ге дейін) хабарласуға болады.

Дата публикации
18 апреля 2023