2023 жылғы 28 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Успен ауданының салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін жоспарланылуы мен пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Успен ауданы мәслихатының аппарат басшысының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 9 объект қамтылды, оның ішінде 3-еуі үстеме тексерумен қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 5 791 289,9 мың теңгені құрады.
1) бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге заңнаманың бұзылуы – 20 564,8 мың теңге;
2) бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы – 187 484,2 мың теңге;
3) бюджетке түскен кезде – 34 547,0 мың теңге.
Өтелуге (қалпына келтіруге) жататын қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан:
бюджетке өтелуге жататыны – 55 111,8 мың теңге;
қалпына келтіруге жататыны – 187 484,2 мың теңге.
Саны 54 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілерімен аудит барысында және кейінгі шаралармен өтелгені – 33 379,7 мың теңге, қалпына келтірілгені – 182 579,8 мың теңге.
Өтелуге жататын қалдық сомасы – 21 732,1 мың теңге, өтелуге жататын қалдық сомасы – 4 904,4 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.