Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 19 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының заңгер-кеңесшісінің қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен Павлодар облысының жалпыға бірдей әскери міндетін атқару шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыратын 13 объект 1 257 419,8 мың теңге көлемінде олар басқаратын бюджеттік бағдарламалардың қаражатымен қамтылды (РБ – 34 462,3 мың теңге, ЖБ – 1 222 957,5 мың теңге).

Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы - 76 635,0 мың теңге немесе қамту сомасынан 6,1%, соның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар - 161,3 мың теңге;

2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 76 473,7 мың теңге;

Қаржылық бұзушылықтардың 161,3 мың теңгесі өтелуге жатады.

Сонымен қатар, 48 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
19 декабря 2022