2022 жылғы 09 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында ветеринария саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты дамытуға және іске асыруға жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтерінің ықпалына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Шейхислам сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 2 объект қамтылды, оның ішінде бір объект үстеме тексерумен қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің көлемі 2 164 671,3 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 1 967 127,0 мың теңге, соның ішінде:
Аудит барысында және кейінгі шаралармен мемлекеттік аудит объектісімен қалпына келтірілгені – 198 886,6 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.