2022 жылғы 05 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.
Жалпы сомасы 2 566 551,7 мың теңгеге (РБ-дан – 1 988 839,8 мың теңге, ЖБ-дан – 577 711,9 мың теңге) қаражат көлемімен мемлекеттік аудитпен 20 объект қамтылды, соның ішінде 13 объект үстеме тексерумен қамтылды.
Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы - 740 219,6 мың теңге немесе қамту сомасынан 28,8%, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар - 689 991,9 мың теңге;
2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 50 227,7 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың 681 278,1 мың теңгесі (соның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша 321 653,9 мың теңге, жұмыстарды орындау арқылы 359 624,2 мың теңге) қалпына келтірілуге, 8 713,8 мың теңге өтелуге жатады.
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер 78 бірлік және саны 6 бірлік кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.