Ертіс ауданының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің жоспарланылуы мен пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 18 қарашада Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Ертіс ауданының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің жоспарланылуы мен пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Ертіс ауданының мәслихаты хатшысының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б. Демеуов сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 8 объект қамтылды, оның ішінде бір объект үстеме тексерумен қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 2 767 356,4 мың теңгені құрады.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы – 57 087,0 мың теңге:

1) бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы – 2 290,4 мың теңге;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы – 50 346,7 мың теңге;

3) бюджетке түскен кезде – 4 449,9 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтірілуге) жататыны – 57 087,0 мың теңге:

бюджетке өтелуге жататыны – 6 740,3 мың теңге;

қалпына келтірілуге жататыны – 50 346,7 мың теңге.

  1. Бюджет шығындары 435,0 мың теңгені құрады.
  2. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы – 158 540,4 мың теңге.
  3. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы – 16 335,1 мың теңге.
  4. Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда сомасы – 301 836,8 мың теңге.

Саны 103 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 1 бірлік жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Аудит барысында және мемлекеттік аудит объектілерінің кейінгі шараларымен 4 448,4 мың теңге өтелді, 42 776,1 мың теңге қалпына келтірілді.

Өтеуге жататын соманың қалдығы – 2 291,9 мың теңге, қалпына келтіруге жататын соманың қалдығы – 7 570,6 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
18 ноября 2022