2022 ЖЫЛҒЫ 05 ЖЕЛТОҚСАНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2022 жылғы 05 желтоқсанда мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, Павлодар облысының мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182) 328808 телефонына (2022 жылғы 02 желтоқсан сағ. 11.00-ге дейін) хабарласуға болады.

Дата публикации
30 ноября 2022