Екібастұз қаласының аумағын дамыту бағдарламасының және Екібастұз қаласының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің жоспарлануына және пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 22 тамызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Екібастұз қаласының аумағын дамыту бағдарламасының және Екібастұз қаласының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің жоспарлануына және пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Екібастұз қаласының мәслихаты хатшысының және депутатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының заңгер-кеңесші қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Шейхислам сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 10 қамтылды, оның ішінде бір объект үстеме тексерумен қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 15 877 282 мың теңгені құрады.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы – 31 016,7 мың теңге:

1) бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы - 4 623,7 мың теңге;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы - 2 290,0 мың теңге;

3) бюджетке түскен кезде - 24 103,0 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтірілуге) жататыны - 31 016,7 мың теңге:

бюджетке өтелуге жататыны – 25 874,5 мың теңге;

қалпына келтірілуге жататыны – 5 142,2 мың теңге.

  1. Бюджет шығындары 45 800,0 мың теңгені құрады.
  2. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы – 1 745 737,2 мың теңге.
  3. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы – 1 855 185,0 мың теңге.
  4. Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда сомасы - 68 209,9 мың теңге.

Саны 90 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 5 бірлік жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Аудит барысында және мемлекеттік аудит объектілерінің кейінгі шараларымен 22 647,5 мың теңге өтелді, 2 290,0 мың теңге қалпына келтірілді.

Өтеуге жататын соманың қалдығы – 3 227,0 мың теңге, қалпына келтіруге жататын соманың қалдығы – 2 852,2 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

 

Дата публикации
07 сентября 2022