Облыстық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 08 тамызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Облыстық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысының мәслихаты депутатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының заңгер-кеңесші қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б.С. Демеуов сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 199 851 584,2 мың теңгеге қаражат (активтер) көлемімен 5 негізгі аудит объектісі қамтылды.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 47 879 159,0 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасында қалпына келтіруге жататын қамту сомасының 24%-ы.

Бұдан басқа, 9 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
08 августа 2022