Шарбақты ауданының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 08 тамызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Шарбақты ауданының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Шарбақты ауданының мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының заңгер-кеңесші қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен бюджеттік бағдарламалардың 6 әкімшісі қамтылды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзылуының анықталған жалпы сомасы 3 024 440,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар, барлығы – 3 024 156,7 мың теңге, өтелуге жататыны - 456,0 мың теңге, қалпына келтірілгені – 3 023 700,7 мың теңге;

- бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар - 283,4 мың теңге, өтеуге жататыны - 283,4 мың теңге;

1) рәсімдік бұзушылықтар - 77 бірлік.

Аудиторлық іс-шаралар барысында 1 927 935,8 мың теңге қалпына келтірілді, 456,0 мың теңге бюджет кірісіне өтелді, 283,4 мың теңге бюджетке түсімдер бойынша қаржылық бұзушылық өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
08 августа 2022