2022 ЖЫЛҒЫ 22 ТАМЫЗДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2022 жылғы 22 тамызда мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, Екібастұз қаласының мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- Екібастұз қаласының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

 Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2022 жылғы 19 тамыз сағ. 12.00-ге дейін) хабарласуға болады.

Дата публикации
17 августа 2022