Облыстың Ақпарат және қоғамдық даму басқармасына мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуіне және мемлекет активтерінің басқарылуына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 11 шілдеде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Облыстың Ақпарат және қоғамдық даму басқармасына мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуіне және мемлекет активтерінің басқарылуына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектісі басшысының, сондай-ақ Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.

         Осы мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 511 233,8 мың теңге қаражат көлемімен 1 объект қамтылды.

         Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзудың анықталған жалпы сомасы 995 070,3 мың теңге, соның ішінде:

         1) қаржылық бұзушылықтар – 16 010,4 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны - 16 010,4 мың теңге өтелуге жатады

         2) бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз пайдаланылуы - 967 060,1 мың теңге;

         3) бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз жоспарланылуы - 11999,8 мың теңге;

         4) 9 рәсімдік бұзушылық.

         Аудиторлық іс - шара барысында 1 274,7 мың теңге өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектісіне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
12 июля 2022