Павлодар қаласының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 25 мамырда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар қаласының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар қаласы мәслихаты депутатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 9 объект қамтылды, соның ішінде 3 үстеме тексеру, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 37 092 070,0 мың теңгені құрады.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы – 4 443 689,1 мың теңге:

1) бюджет қаражатының және активтердің пайдаланылуы кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы – 41 155,3 мың теңге;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы – 4 386 390,6 мың теңге;

3) бюджетке түскен кезде – 16 143,2 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтірілуге) жататыны – 4 443 689,1 мың теңге, соның ішінде:

бюджетке өтелуге жататыны – 25 081,3 мың теңге;

қалпына келтірілуге жататыны – 4 418 607,8 мың теңге.

  1. Бюджет шығындары 3 951,3 мың теңгені құрады.
  2. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 19 225 263,4 мың теңге.
  3. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 21 973 157,1 мың теңге.

Саны 140 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 9 бірлік жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Аудит барысында және мемлекетік аудит объектілерімен кейінгі шаралармен өтелгені – 5 707,3 мың теңге, қалпына келтірілгені – 27 340,8 мың теңге.

Өтеуге жататын соманың қалдығы – 19 374,0 мың теңге, қалпына келтіруге жататын соманың қалдығы – 4 391 267,0 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
26 мая 2022