Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың іске асырылуына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 20 сәуірде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың іске асырылуына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектісі басшысының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілінің қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудитпен 1 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 523 233,0 мың теңгені құрады.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы – 1 505,4 мың теңге:

1) бюджет қаражатының және активтердің пайдаланылуы кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы – 97,6 мың теңге;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы – 1 407,8 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтірілуге) жататыны – 1 505,4 мың теңге, соның ішінде:

бюджетке өтелуге жататыны – 97,6 мың теңге;

қалпына келтірілуге жататыны – 1 407,8 мың теңге.

  1. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 184,0 мың теңге.
  2. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 4 456,6 мың теңге.

Саны 16 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында және мемлекетік аудит объектілерімен кейінгі шаралармен өтелгені – 97,6 мың теңге, қалпына келтірілгені – 1 407,8 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
21 апреля 2022