Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2022 жылғы 18 сәуірде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектісі басшысының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихатының депутаттарының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы орынбасарының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Шейхислам сөз сөйледі.

Аудит нәтижелері бойынша 7669,2 мың теңге сомасында заңнаманың бұзылуы анықталды, соның ішінде:

- өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар сомасы - 1467,2 мың теңге,

- мемлекеттік мүлікті тиімсіз пайдалану сомасы - 6202,0 мың теңге;

- 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылық.

Аудиторлық іс-шара барысында 1391,4 мың теңге өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
19 апреля 2022