2022 ЖЫЛҒЫ 25 МАМЫРДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2022 жылғы 25 мамырда мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, Павлодар қаласының мәслихаты депутатының, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- Павлодар қаласының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2022 жылғы 24 сәуір сағ. 16.00-ге дейін) хабарласуға болады.

Дата публикации
24 мая 2022