2022 жылғы 08 сәуірде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Мемлекет активтерінің басқарылу және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға және қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектісі басшысының м.а., сондай-ақ Павлодар облысы мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б.С. Демеуов сөз сөйледі.
Осы мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 5 742 891,9 мың теңгеге қаражат көлемімен 1 объект қамтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 327 758,9 мың теңге, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар - 83 932,0 мың теңге, оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны - 83 891,0 мың теңге, өтелуге жататыны - 41,0 мың теңге;
2) бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз пайдаланылуы - 179 312,9 мың теңге;
3) бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз жоспарлануы - 64 514,0 мың теңге;
4) 11 рәсімдік бұзушылық.
Аудиторлық іс-шара барысында өтелгені - 41,0 мың теңге, қалпына келтірілгені - 83 891,0 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.