2022 жылғы 23 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында жер қатынастары саласындағы саясатты іске асыратын облыстың жекелеген мекемелері қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы депутаттарының, облыстың қалалары мен аудандары орынбасарларының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 830 601,5 мың теңгеге қаражат көлемімен 10 объект қамтылды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 51 521,6 мың теңге, соның ішінде түсімдер бойынша – 44 906,6 мың теңге.
1) қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан (оның ішінде: түсуге жататыны 44 906,6 мың теңге, өтелуге жататыны 6114,3 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны 500,7 мың теңге);
2) бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз пайдаланылу сомасы - 6841,8 мың теңге;
3) бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз жоспарланылу сомасы - 57090,4 мың теңге;
4) ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда, соның ішінде бюджет түсімдері бойынша – 73032,1 мың теңге;
5) салықтық және кедендік әкімшілендірудің белгіленген тәртібін сақтау шартымен бюджеттің тікелей (жанама) ысыраптары – 307 594,4мың теңге;
6) 205 рәсімдік бұзушылықтар;
7) 14 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер.
Аудиторлық іс-шара барысында өтелгені - 7624,8 мың теңге, соның ішінде бюджетке түскені - 2106,8 мың теңге, қалпына келтірілгені - 220,3 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.