2022 жылғы 23 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Ақсу қаласының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Ақсу қаласының мәслихаты депутатының, Ақсу қаласының әкімі орынбасарының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 13 объект қамтылды, соның ішінде 4 үстеме тексеру, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 15 311 461,8 мың теңгені құрады.
1. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы – 8 784 302,2 мың теңге:
1) бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы – 2 177 287,4 мың теңге;
2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде заңнаманың бұзылуы – 6 558 705,6 мың теңге;
3) бюджетке түскен кезде – 48 309,2 мың теңге.
2. Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтірілуге) жататыны, соның ішінде:
бюджетке өтелуге жататыны – 248 362,3 мың теңге, соның ішінде бюджетке түскен кезде – 48 309,2 мың теңге;
қалпына келтірілуге жататыны – 8 536 044,6 мың теңге.
3. Бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз жоспарланған сомасы – 2 113 246,0 мың теңге.
4. Бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз пайдаланылған сомасы – 15 408 822,9 мың теңге.
Саны 246 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылық, 12 бірлік жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Аудит барысында және мемлекеттік аудит объектілерінің кейінгі шараларымен өтелгені – 3 523,7 мың теңге, қалпына келтірілгені – 6 595 309,3 мың теңге.
Өтелуге жататын соманың қалдығы – 244 838,6 мың теңге, қалпына келтірілуге жататын – 1 940 735,3 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.