2022 ЖЫЛҒЫ 23 АҚПАНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2022 жылғы 23 ақпанда онлайн режимінде (ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы) мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандарының әкімі орынбасарларының, мәслихат депутаттарының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- Ақсу қаласының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын;

- жер қатынастары саласындағы саясатты іске асыратын облыстың жекелеген мекемелері қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182) 328808 телефонына (2022 жылғы 22 ақпан сағ. 15.00-ге дейін) хабарласуға болады.

Дата публикации
21 февраля 2022