2021 жылғы 20 қазанда онлайн режимінде (ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы) мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, қалалар мен аудандардың мәслихаты депуттарының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:
- тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын;
- Баянауыл ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда.
Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182) 328808 телефонына (2021 жылғы 19 қазан сағ. 18.30-ға дейін) хабарласуға болады.