2021 жылғы 31 тамызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бөлінген қаражаттың пайдаланылуынажүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік және жеке ұйымдар басшыларының, сондай-ақ облыстық мәслихат, облыстың қалалары мен аудандарының мәслихаты депуттарының, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері орынбасарларының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының өкілінің қатысуымен онлайн режимінде қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Ш. Шейхислам сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 7 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 4 418 541,6 мың теңгені құрады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы - 104 278,8 мың теңге:
1) бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы - 98585,7 мың теңге;
2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнаманың бұзылуы - 5 693,1 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтірілуге) жататыны, соның ішінде:
бюджетке өтелуге жататыны – 51 707,5 мың теңге;
қалпына келтірілуге жататыны – 52 571,3 мың теңге.
Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 83 725,1 мың теңге.
Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы – 463 634,1 мың теңге.
Болжалды шығын сомасы - 273 690,0 мың теңге.
Саны 86 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 7 бірлік кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.