2021 ЖЫЛҒЫ 31 ТАМЫЗДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2021 жылғы 31 тамызда онлайн режимінде (ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы) мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, облыстық мәслихат, қалалар мен аудандардың мәслихаты депуттарының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын;

- өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  «Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасының және Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының міндетін іске асыру шеңберінде су ресурстарын басқару және халықты ауыз суға қолжетімділігі тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182) 328808 телефонына (2021 жылғы 27 тамыз сағ. 18.30-ға дейін) хабарласуға болады.

Дата публикации
27 августа 2021