2021 жылғы 07 шілдеде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында орта білім беру саласында Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиімділігіне, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының төтенше жағдай кезеңінде бюджет қаражатын пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттіңқорытындылары мемлекеттік және жеке ұйымдар басшыларының, сондай-ақ облыстық мәслихат, Павлодар және Екібастұз қалалары мәслихаты депуттарының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы орынбасарының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 3 негізгі аудит объектісі, 19 үстеме тексеру объектісі қамтылды, қаражат көлемінің жалпы сомасы – 71 609 992,5 мың теңге (РБ – 15 632 262,7 мың теңге, ЖБ – 55 977 729,8 мың теңге).
Анықталған заңнама нормалары бұзушылықтарының жалпы сомасы – 411 009,9 мың теңге немесе қамту сомасынан 0,6%, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 306 677,6 мың теңге (бюджетке қаражат түскен кезде 3 599,9 мың теңге, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде 245 874,6 мың теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде 57 203,1 мың теңге);
2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 62 281,8 мың теңге;
3) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 42 050,5 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардан 115 090,2 мың теңгесі қалпына келтірілуге (соның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша 57 203,1 мың теңге), 187 987,5 мың теңге өтелуге жатады.
Одан басқа, 94 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.