2021 ЖЫЛҒЫ 07 ШІЛДЕДЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

2021 жылғы 07 шілдеде онлайн режимінде (ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы) мемлекеттік және жеке ұйымдар басшыларының, сондай-ақ облыстық мәслихат, Павлодар және Екібастұз қалалары мәслихаты депуттарының, «NurOtan» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы орынбасарының қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:

- орта білім беру саласында Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиімділігіне, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының төтенше жағдай кезеңінде бюджет қаражатын пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда. 

Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2021 жылғы 07 шілде сағ. 10.30-ға дейін) хабарласуға болады.

Дата публикации
03 июля 2021