ПАВЛОДАР АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫНА, САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛЕНДІРУГЕ, БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ АКТИВТЕРІН ПАЙДАЛАНУЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2021 жылғы 19 мамырда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары Павлодар ауданының мәслихат депутаттарының, «Nur Otan» Павлодар облыстық филиалы өкілінің, аудит объектілері басшылары мен лауазымды тұлғаларының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Ш. Шейхислам сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 20 объект қамтылды, соның ішінде 8 үстеме тексеру, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 10 064 349,2 мың теңгені құрады.

1. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы – 291 807,6 мың теңге.

2. Бюджет шығындары - 153,7 мың теңгені құрады.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан:

бюджетке өтелуге жататыны – 37 759,0 мың теңге;

қалпына келтіруге жататыны – 254 048,6 мың теңге.

3. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының(активтерінің) сомасы - 103 170,3 мың теңге.

4. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 699 482,5 мың теңге.

Саны 185 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
21 мая 2021