2021 жылғы 19 мамырда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға, соның ішінде төтенше жағдай кезеңінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қалалар мен аудандарының мәслихат депутаттарының, аудит объектілері басшылары мен лауазымды тұлғаларының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б.С. Демеуов сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 7 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 4 912 275,0 мың теңгені құрады.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 440 831,3 мың теңгені құрады, соның ішінде:
қаржылық бұзушылықтар (қалпына келтіруге) – 631 265,0 мың теңге;
тиімсіз жоспарлау сомасы – 780 900,2 мың теңге;
бюджет қаражатының тиімсіз пайдалану сомасы – 28 666,1 мың теңге.
Бұдан басқа, саны 72 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 2 кемшілік анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.