2021 жылғы 19 мамырда онлайн режимде (ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы) аудит объектісінің басшылары мен лауазымды тұлғаларының, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:
- Павлодар ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын;
- тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға, соның ішінде төтенше жағдай кезеңінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда.
Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(776)5219777 телефонына (2021 жылғы 18 мамыр сағат 18.30-ға дейін) хабарласуға болады.