2021 жылғы 7 сәуірде Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында облыс мәслихаты депутатының, «Атамекен» ҰКП өкілінің, объект объектілері басшылары мен лауазымды тұлғаларының қатысуымен облыс колледждерінде мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне және оқыту құнының баға белгілеміне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Бақылау нәтижелерімен тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 38 754 361,2 мың теңге қаражат көлемімен 8 объект қамтылды (РБ – 1 583 095,0 мың теңге, ЖБ – 37 171 266,2 мың теңге).
Анықталған заңнама нормаларының бұзушылықтарының жалпы сомасы – 2 961 492,8 мың теңгені құрады немесе қамту сомасынан 7,6%, соның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар - 320 583,8 мың теңге (бюджетке қаражат түскен кезде 9 815,8 мың теңге, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 306 549,1 мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде 4 218,9 мың теңге);
2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 2 640 909,0 мың теңге;
Қаржылық бұзушылықтардың 6 241,6 мың теңгесі қалпына келтірілуге (оның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша 4 218,9 мың теңге), 300 307,5 мың теңгесі өтелуге жатады.
Одан басқа, 120 бірлік рәсімдік сипаттағы кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының Қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне заң бұзушылықтарын жою және кінәлі адамдарға қатысты шаралар қабылдау туралы нұсқамалар жіберілді.