«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ-ГЕ БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ АКТИВТЕРІНІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2021 жылғы 17 наурызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-ге бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары онлайн режимінде қаралды. Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен сомасы 9 391 002,0 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 239,5 мың теңгені құрады, ол өтелуге жатады. Одан басқа, саны 6 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Отырыстың қорындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қортынды бекітілді, аудит объектісіне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою туралы нұсқама жіберілді.
Дата публикации
18 марта 2021