2021 жылғы 17 наурызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары облыстық мәслихат депутатының, аудит объектілері басшылары мен лауазымды тұлғаларының қатысуымен онлайн режимінде қаралды. Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 1 негізгі объект және 1 объект үстеме тексерулермен қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 2 291 905,8 мың теңгені құрады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 56 417,6 мың теңге немесе қамту сомасынан 2,5%-ды құрайды.
Қаржылық бұзушылықтардан бухгалтерлік есеп бойынша 56 407,3 мың теңге қалпына келтіруге, 10,3 мың теңге өтелуге жатады. Одан басқа, 72 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне заң бұзушылықтарын жою және кінәлі адамдарға қатысты шаралар қабылдау туралы нұсқамалар жіберілді.